Басқарма төрағасы

Ізтелеуов Санжар Бейсенбайұлы 

1992 - 2001 жылдар аралығында коммерциялық және халықаралық ұйымдарда түрлі қызметтер атқарды.

2003 - 2005 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономикалық саясат және индикативті жоспарлау департаменті макроэкономикалық болжау басқармасының басшысы болды.

2005 - 2006 жылдары - «ҚазТрансГаз Дистрибьюшн» АҚ Келісімшарттық мониторинг және клиринг департаменті директорының орынбасары. 2006 жылдан бастап - «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ басқарушы директоры - инфрақұрылымдық жобалар дирекциясының басшысы. 2011 - 2012 жылдары - «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2013 жылдың шілдесінен бастап «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2014 жылдың мамырында басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды, 2015 жылдың қаңтары мен 2017 жылдың сәуірі аралығында  басқарма төрағасы болды. 

2017 жылдың қазанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін ««Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды, стратегиялық даму, инвестиция және жобаларды басқару, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп мәселелеріне жетекшілік етті.

2019 жылдың 31 шілдесінде «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы болып сайланды. «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.

 

Басқарма мүшелері

Сек Олег Леонтьевич

 2012 - 2017 жылдары – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ - сарапшы, сектор меңгерушісі, директордың орынбасары, Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау орталығының директоры.

2016 жылы – Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі бизнес-үдерістер реинжинирингі бойынша БҰҰДБ ұлттық сарапшысы.

2017 жылы – «Қазақстан Республикасында сот сараптамасын нығайту» сот сараптамасы органдары бизнес-үдерістерінің реинжинирингі жөніндегі ұлттық сарапшысы.

 2017-2019 жылдары – «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры, жобалық кеңсе жетекшісі, басқарма мүшесі.

 2019 жылдың 4 ақпанында «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды.

 

Толғанбаев Эльдар Сейдахметұлы

2005 жылы еңбек жолын аудандық мәслихат және әкімдік аппараттарында бастаған.

2006-2008 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіАқпарат және мұрағат комитетінің жетекші, кейін бас маманы, Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2010-2012 жылдар аралығында ҚР Премьер-Министрінің КеңсесіАқпараттық-талдау орталығының бас кеңесшісі, жедел ақпарат секторының меңгерушісі, медиа-жоспарлау және қоғаммен байланыс секторының меңгерушісі болды.

2012-2016 жылдары ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары қызметін атқарды.

2016-2019 жылдары ҚР Парламенті Палатасы Төрағасының кеңесшісі болды.

2019 жылғы қаңтар-тамыз аралығында «Перспективалық зерттеулер орталығы» ЖШС директоры.

2019 жылғы 20 тамыздан бастап «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды.

 

Асқанбаева Дана Қажатқызы

 1993-1997 жылдары – ҚР Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есеп және есептілік департаменті бас бухгалтериясының аға экономисі, ҚРҰБ Дербес құрылымдық бөлімшелеріндегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру бөлімінің аға экономисі.

1997 -1998 жылдары – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Бухгалтерлік есеп және есептілік департаменті бас бухгалтериясының жетекші қаржылық бақылаушысы.

1998 - 2003 жылдары – «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның Бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, Инвестициялық басқарманың нормативтер және есеп беру бөлімінің басшысы.

2003-2009 жылдары – «Альфа Траст» ООИУПА» АҚ Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі ұйым/брокерлік компания басқарма төрағасының орынбасары – бас есепшісі, басқарма мүшесі.

2009-2011 жылдары – «Реестр» АҚ тіркеу компаниясының бас есепшісі, басқарма мүшесі, директорлар кеңесінің төрайымы.

2009-2013 жылдары - «AibnAssetManagement» АҚ басқарушы/брокерлік компаниясы басқарма төрағасының орынбасары – бас есепші, басқарма мүшесі.

2013-2014 жылдары – «QazaqBanki» АҚ бас бухгалтериясының директоры.

2014 жылдан бері – «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ қаржы директоры - бас есепшісі, басқарма мүшесі.

Пайдалы сілтемелер