IT-әзірлеушілердің үш командасы Алматы қаласы әкімінің жүлделері үшін AlmatySmartCityChallenge алғашқы қалалық хакатонының жеңімпазы атанды. Жарысқа қатысуға барлығы 40 команда (140-тан астам қатысушы) өтінім берді.

d7e55fab 173d 4718 a78f 2a3762495e85

Алматыда 5-6 қазанда Q-LABқалалық жобалар зертханасыалаңында Цифрландыру күні және қала әкімінің жүлделері үшін AlmatySmartCityChallengeалғашқы хакатоныөтті. Іс-шараны Алматы қаласын дамыту орталығы қалаәкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шараның демеушілері мен серіктестері «Қазақтелеком», KasperskyLabKZ, «Қазтелепорт», KFC, Нardeе's, «Дорожное радио» және т. б. болды.

Қалалық жарыстың қорытындысы бойынша жеңіс 1,5 млн теңге көлемінде бас жүлдені ұтып алған HCK50 (Salem Tourist жобасы) командасына бұйырды. Жүлде қоры 1 млн теңге болатын екінші орынды GGG (Smart bin жобасы) командасы алды, үшінші орын мен 500 мың теңге көлеміндегі соманы Mbionics («Ақылды тұрақ» жобасы) иеленді.

1d9786f2 2b04 483d 9581 53a7615d3e7f

Сонымен қатар, қызықты және креативті идеялары үшін 9 команда іс-шара демеушілерінің арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Хакатонның барлық қатысушылары атаулы сертификаттар алды.

Алматының ең қызықты орындары туралы ақпарат, көрікті жерлерге қалай және немен жетуге болады, қаланың мәдени және ойын-сауық орындарының рейтингі мен тұрғындар пікірін білу және т.б. - мұндай мүмкіндікті Satbayev University мен Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (IITU) HCK50 бірлескен командасы әзірлеген туристерге арналған «Salem Tourist» мобильді қосымшасы ұсынады. Әзірлеушілердің айтуынша, мобильді қосымша Алматының туристік дестинация ретінде тартымдылығын арттыруға және туристерге жайлылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

6caf9024 ccda 4a83 9074 ef0fd007c6cc

Толып кететін қоқыс контейнерлері мәселесін толу датчиктерінің көмегімен шешетін «Smart bin» жобасын Suleyman Demirel University студенттері ұсынды. Контейнерде орнатылған арнайы индикатор оның толуын қашықтан қадағалауға, қоқысты шығару логистикасын оңтайландыруға және отынға жұмсалатын шығынды қысқартуға мүмкіндік береді.

«Трафик/кептеліс» бағытында Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU) студенттерінің Mbionics командасы «Ақылды тұрақ» жобасын ұсынды. Ол қаланың қай жерінде көлікті тұраққа қоюға болатынын, қай жерде қойылған автокөліктердің тығыздығы аз екенін түсінуге мүмкіндік береді. Әзірлеушілердің айтуынша, автотұрақтағы бос орындардың жедел мониторингі Алматының көлік құралдарын тұрақ аймақтары бойынша бөлу процесін басқаруға мүмкіндік береді.

E23A7868

Хакатон кезінде қатысушылар қаланы дамытуға бағытталған 30-дан астам жоба әзірледі. Қатысушылар азық-түлік қалдықтарын кәдеге жарату бойынша тарақан фермасы, қоқыс сұрыптайтын биомеханикалық қол, қаланың жасыл желектерін суаруға арналған «ақылды» автоматтандырылған су шашыратқыш, жүргізушілердің бет-әлпетін сәйкестендіре отырып, автомобиль нөмірлерін тану жүйесі, қаладағы қауіпсіздікті талдау, жолдардағы жүктемені төмендету және т. б. жобаларды құрамына «Касперский зертханасы» АҚ, «Қазтелепорт» АҚ, «ИТП» АКФ (Tech Garden), «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Деректерді талдау және өңдеу орталығының өкілдері кірген қазылар алқасының мүшелеріне таныстырды.

Ең инновациялық және креативті шешімдері бар жобалар іске асыруда қаланың қолдауына ие болады. Хакатон - нарық ойыншыларын инновациялық шешімдер жасауға ынталандыруға мүмкіндік беретін IT-саласындағы іс-шаралардың ең танымал форматтарының бірі, сондықтан Алматыда олар жыл сайын өткізілетін болады.

*Іс-шара фотосуреттері @almatyhackathon Telegram-арнасында қолжетімді.

Пайдалы сілтемелер