photo5415881244484414166

Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауына мүгедектігі бар адамдардың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері келді.

«Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Әлия Жақсалықова Open Almaty-ның қызметі туралы айтып берді. Әкімдіктің қоғамдық қабылдауы 2017 жылы ашылған, өтініштер телефон, сайт, мобильді қосымша, әлеуметтік желілер және фронт-офис арқылы қабылданады. Барлық өтініштер бірыңғай ақпараттық жүйеде тіркеледі, жауаптардың сапалы және дер кезінде берілуі бақыланады. Бүгінде Open Almaty-ға 181 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Байланыс орталығы арқылы 60%, фронт-офис пен портал - 23%, әлеуметтік желілер - 16%.

Кездесу барысында Open Almaty қызметкерлері ҮЕҰ өкілдеріне open-almaty.kz порталы арқылы өтініш беру тәсілін көрсетті.

DSC07535

Сондай-ақ Ә. Жақсалықова «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасының іске қосылғаны туралы айтып өтті. Жобаның мақсаты – қала тұрғындарын мегаполис аудандарының жекелеген учаскелерін дамыту және абаттандыру үшін қаражат бөлуге тарту.

DSC07538

Алматының әр ауданында 2020 жылы қала тұрғындары ұсынған жобаларды іске асыру үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңгеден қарастырылады. Ұсыныстар budget.open-almaty.kz порталы арқылы қабылданады. Бір автор тек бір өтінім бере алады, бір жобаның ең жоғарғы құны 100 млн теңгеден аспауы тиіс. Жобаларды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін сараптама комиссиясы оларды іріктейді. Жеңімпаз жобаларды тұрғындар дауыс беру арқылы анықтайды. Қаланың бір тұрғыны жеке ЭЦҚ пайдалана отырып, үш жобалық ұсынысқа дауыс беруге құқылы.

Пайдалы сілтемелер