2019061310354164008 img 3443

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары аясында бірқатар мемлекеттік органдардың қызметімен танысты және «Алматы-Адалдық алаңы» жобалық офисі ашқан жаңа жобаларды аралады.

Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Олжас Бектенов қалалық барлық қызметтер шоғырланған «Open Almaty» қоғамдық қабылдау бөлмесінде болды. Жобаның мақсаты – қала тұрғындарының өмірлік жағдайларын шешу және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету.

1560400636 img 2686

Бұл жоба 2017 жылдан бері табысты жүзеге асырылуда және халық арасында танымал. Бүгінде Алматының тәжірибесі еліміздің басқа өңірлерінде сәтті қолданылуда.  

«Open Almaty» - бұл халықпен жұмыс жасаудағы жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал ететін, мемлекеттік органдардың тиімділігін, ашықтығын және есептілігін арттырудағы маңызды құрал» - деп атап өтті Олжас Бектенов.

1560400579 img 2582

Бұдан кейін төрағаның орынбасары Орталық мешітте ашылған «Адалдық дүкені» және «Юбилейный» супермаркетіндегі «Сатушысыз касса» жұмысымен танысты.

«Қаланың барлық мешіттерінің имамдары халыққа уағыз айту кезінде міндетті түрде жемқорлыққа қарсы тақырыптарды қозғап, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға елеулі үлес қосады», - деді Орталық мешіттің бас имамы Еркінбек Шоқай.

1560400650 photo 2019 06 11 17 14 39

Жұмыс сапарының соңында Олжас Бектенов «Алматы-2» вокзалында еліміздегі алғашқы және әзірге жалғыз жолаушыларға қызмет көрсету орталығының қызметімен танысты.

«Әрине, мұндай жобаларды енгізу жастардың жоғары моральдық қасиеттерін тәрбиелеуге, атап айтқанда парасаттылық, адалдық пен өзін-өзі дамытуға бағытталған», - деп түйіндеді төрағаның орынбасары.

Ақпарат көзі: МҚІСЖҚА баспасөз қызметі

 

Пайдалы сілтемелер