Қасым-Жомарт Тоқаевқа цифрлық геоақпараттық орталықтың, «Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтының, Алматы даму орталығының және «Open Almaty» қоғамдық қабылдауының жұмыстары туралы ақпарат берілді.

WhatsApp Image 2019 05 01 at 12.44.37

Мемлекет басшысы қаланы одан әрі абаттандыру жоспарымен танысып, шаһардың 3D-көрінісіндегі голографикалық пішінін қарады.

WhatsApp Image 2019 05 01 at 12.44.38 

Қазақстан Президентіне Алматы индустриялық аймағындағы негізгі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндалды.

WhatsApp Image 2019 05 01 at 12.44.55

Мұнда жапон, корей, қытай, неміс және басқа да шетелдік инвестициялар есебінен 5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген, құны 144 млрд теңге болатын 39 жоба іске асырылуда.

WhatsApp Image 2019 05 01 at 12.44.39

Индустриялық аймақта бірнеше жоба орналастырылған. Атап айтқанда, «Hyundai Trans Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, электр автобустарын шығаратын «Falcon Euro Bus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Tokyo Rope Almaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсібі, қалдықтарды сұрыптау кешені сияқты кәсіпорындар.

WhatsApp Image 2019 05 01 at 12.44.35

Соңында Мемлекет басшысы Алматы қаласын дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

f37af0451198d6c47c67f7d790944828

Пайдалы сілтемелер