Цифрлық технологияларды енгізу, азаматтарды «ақылды» жобаларға тарту, қалалық кеңістіктерді абаттандыру және қаланы дамытудың басқа да стратегиялық бағыттарындағы Алматынының тәжірибесі ТМД астаналары мен ірі қалаларының халықаралық ассамблеясы марапатымен атап өтілді.

фото МАГ

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «ТМД қалаларының тұрақты дамуына қосқан үлесі үшін» орденін «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрайымы Жанна Төлегенова мен орталықтың Жобалардың қаржы-экономикалық сараптамасы тобының жетекшісі Гүлмира Бүркітбаеваға ТМД астаналары мен ірі қалалары халықаралық ассамблеясының президенті Ирек Ялаловтың атынан табыс етті. Сондай-ақ қала әкімдігінің өкілдері естелік наградалармен марапатталды.

Еске салсақ, Алматы қаласын дамыту орталығы 2008 жылы қала әкімдігінің 100% қатысуымен құрылған. Негізгі мақсаты – қаланың тұрақты дамуына атсалысу, бизнес-үдерістерді оңтайландыруға, сервис пен қауіпсіздік деңгейін арттыруға, ресурстардың құны мен тұтынылуын азайтуға, ең бастысы - қалалықтармен кері байланысты қамтамасыз етуге бағытталған «ақылды жобаларды» енгізу.

Мегаполистің тыныс-тіршілігі салаларының әрқайсысына заманауи технологиялар енгізіліп жатыр: қауіпсіздік, қоғамдық көлік, білім беру, денсаулық сақтау және т.б. Цифрлық жобалар үш негізгі қағидат негізінде іске асырылады: ашықтықты қамтамасыз ету, экономикалық қайтарым және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру.

Алматы қаласын дамыту орталығы жобаларының қатарында Open Almaty қоғамдық қабылдауы, Ахуалдық орталық, «Тұрғындарға арналған қолжетімді сервис» (Е-ПИК), «Жол қозғалысының қауіпсіздігі», Damumed медициналық жүйесі, balabaqsha.open-almaty.kz, mektepalmaty.kz және т. б. бар.

2018 жылғы желтоқсанда Алматы қаласын дамыту орталығы урбанистика, цифрландыру, жобалардың қаржылық сараптамасы және қала әкімшілігінің тұрғындармен өзара әрекеттестігі саласында ISO 9001:2015 халықаралық сертификаттауынан өтті.

Пайдалы сілтемелер