2 мини DSC04436

9 қарашада жұмыс сапары аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері 2018 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысына таныстырылған Алматы қ. Ахуалдық орталығының жұмысын өз көзімен көріп қайтты.

Алматы қаласын дамыту орталығы басқармасының төрайымы Жанна Төлегенова сандар мен деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін Big Data ауқымды мәліметтер платформасынқамтитын Ахуалдық орталықтың жұмысы туралы айтып берді. Бүгінде Ахуалдық орталықта онлайн режимде Алматының 1 мыңнан астам даму индикаторына талдау жүргізіледі: автотрафик, қоғамдық көліктегі жолаушылар ағыны, мектептер мен балабақшалардың жүктемесі, қаладағы қылмыстық жағдай, бюджеттің орындалуы және т. б. Осы мақсатта қалалық және республикалық 10 ақпараттық жүйе біріктірілді, орталық және жергілікті атқарушы органдардың тағы 17 жүйесімен ықпалдастыру пысықталуда.

«Біз Алматыда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үдерістер туралы әр түрлі сипаттағы ауқымды мәліметтерді аламыз және өңдейміз. Мысалы, жүйеның арқасында мектептердің 67%-ныңжүктемесі асып кеткені анықталды, жалпы тапшылық 45 мың орынды құрайды, бұл ретте мектептердің 17%-да 10 мың орын бос. Бұл деректер орындарды бөлу тәсілдерін өзгертуге, шағын учаскелердің шекарасын қайта қарауға мүмкіндік береді. Қала маңындағы көлік трафигін талдау Алматыға күн сайын 240 мыңнан астам автокөлік кіретінін көрсетті, соның ішінде жұмыс күндері трафик демалыс күндеріне қарағанда жоғары. Әлеуметтік сауалнама нәтижесі көрсеткендей, адамдардың 48%-нанастамы қалаға күн сайын жұмыс, оқу мақсатында және сауда жасау үшін келеді. Сонымен қатар Ахуалдық орталық мәліметтері Панфилов көшесінде жаяу жүргіншілер ағынының артуын бақылауға мүмкіндік береді – бүгінде бұл көрсеткіш жұмыс күндері 120 мыңнан астам адам және демалыс күндері 70 мыңнан астам адам, ал «Атакентте»орташа алғанда күн сайын 22 мың адам», - дей келе Ж. Төлегенова, аталған индикаторлар бойынша біріктірілген Big Data қала тұрғындары мен бизнес өкілдері үшін келер жылы қолжетімді болатынын атап өтті.

мини DSC04402

Алматы қаласын дамыту орталығының басшысы Қоғамдық кеңес мүшелеріне мемлекеттік тізіліммен қамтылмаған қызметтер бойынша алгоритмдерді әзірлеу саласында орталықмамандары жүргізіп жатқан жұмыстар туралы да айтты. «Басқаша айтқанда, біз қарапайым қала тұрғындары, кәсіпкерлер немесе қала қонақтары ресми тізілімге кірмей қалған қызметтерді қалай ала алатынын егжей-тегжейлі жазып көрсетеміз. Бір жыл ішінде, мысалы нормативтік актілерге сүйене отырыпбаланы бір мектептен екіншісіне ауыстыру немесе көп балалы отбасынан шыққан бала үшін жазғы лагерьге жолдама алу, жүргізуші куәлігін жоғалтқан кезде не істеу керек, жобалау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия алу немесе паспортты жоғалтқан кезде шетелдікке не істеу керек деген сияқты 700-ден астам өмірлік жағдай жиналып, шешу жолдары ұсынылды. Жалпы, бұл халық үшін жергілікті билік органдарының қызмет көрсетуін жеңілдетуге және сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді Ж. Төлегенова.

Сондай-ақ қонақтар Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдау орталығын аралады, онда «бір терезе» қағидаты бойынша тұрғындарды аудан әкімдіктерінің, Тұрғын үй, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Сәулет және қала құрылысы, Табиғи ресурстар, Полиция, Мемлекеттік кірістер, Төтенше жағдайлар департаменттері, прокуратура, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ХҚКО және т. б. өкілдеріқабылдайды.

Қоғамдық кеңес мүшелері Ахуалдық орталықтың жұмысына қызығушылық танытты, сонымен қатар азаматтардың Open Almaty-ғакеліп түскен өтініштерін ескере отырып, «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңға енгізілетін өзгерістер бойынша ұсыныс әзірлеуді сұрады.

2 мини DSC04426

Пайдалы сілтемелер