DSC05293

2018 жылғы 20 желтоқсанда «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ (Орталық) сапа менеджментінің ISO 9001:2015 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігі сертификатын алды. Аудитті Солтүстік Американың сәйкестікті растау жөніндегі органдарының ТОП 10-дығына  кіретін Orion Registrar, Inc (US) америкалық компаниясы жүзеге асырды.

Сертификатты қолдану саласы: «Урбанистика саласындағы консультациялық қызметтер. Қала жобаларын цифрландыру. Қала жобаларының қаржылық сараптамасы. Азаматтар мен қала әкімшілігі арасындағы өзара әрекеттестікті басқару - Open Almaty».

Сертификаттау Алматы қаласын дамыту орталығы өзіне міндеттеме алып, ашықтыққа, тиімді басқару шешімдеріне, деректердің шынайылығына, сондай-ақ өзінің қызмет бағытында көшбасшылыққа ұмтылуға кепілдік беретіндігін растады.

Жүргізілген аудит Орталық жұмысының түрлі аспектілерін қозғады: стратегиялық басқару, қызметкерлерді, құжаттаманы басқару  және т.б.

«Сертификаттау процесі салалық құзыреттілікті міндетті түрде сақтауды талап етеді: Алматы қаласын дамыту орталығының процестерді тиісті деңгейде орындауға қабілетті командасы бар ма, қызметкерлер арасында жауапкершілік пен өкілеттіктер дұрыс бөлінген бе, бақылаудың тиімді жақсы жолға қойылған жүйесі айқындалған ба, құжаттар жоғалудан немесе тиісінше пайдаланбаудан қорғалған ба, оларды сақтау мерзімдері мен жою тәртібі сақталады ма — нәтижесінде қызметтердің сапасын үздіксіз жақсартуға және әріптестер мен клиенттердің қанағаттануын арттыруға мүмкіндік беретін осы және өзге де аспектілер қаралды. Жалпы алғанда сертификаттық аудиттен сәтті өту ұйым басшылығы мен қызметкерлерінің сапа менеджменті жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін ұстанатынын және Алматы қаласын дамыту орталығы бөлімшелерінің жұмысын жақсартуға стратегиялық ұмтылысын куәландырады», - деді Orion Registrar, Inc негізгі клиенттер жөніндегі менеджері Ақтан Нүсібәлиев.

ISO 9001:2015 стандартының талаптарын енгізу мұндай сертификаттауы жоқ ұйымдар алдында басымдықты арттырады, отандық және халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты кеңейтеді, сондай-ақ тендерлер мен сатып алуда артықшылық береді.

Бүгінде Алматы қаласын дамыту орталығы аймақтық және шетелдік компаниялармен МЖӘ жобаларына сараптама жүргізу, қалада қолайлы орта құру тұжырымдасын әзірлеу, цифрлық  кеңістікті қалыптастыру және дамыту, сондай-ақ процестерді құру және билік органдары мен халық арасындағы өзара әрекеттестікті реттеу бөлігінде ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

 «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ - Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы №2/331 қаулысы негізінде жарғылық капиталына мемлекеттің 100% қатысуымен құрылған. Миссиясы – ең үздік әлемдік тәжірибе мен әдістерге сүйене отырып, Алматыны тұрақты дамыту. Мақсаты – қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу.

Пайдалы сілтемелер