Бүгінде біраз мемлекеттік қызметті алу үдерісі автоматтандыру және жеңілдетудің арқасында айтарлықтай жайлы және ашық бола түсті. Алматы қаласын дамыту орталығы мақсаттарының бірі тұрғындар мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздырмай, ұзын-сонар кезекте тұрмай, құжаттар тізбесімен бас қатырмас үшін мемлекеттік қызметтер мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін өзге де қызметтердің сапасын жақсарту бойынша зерттеу жүргізу болып табылады.

Бұл жұмыспен Алматы қаласын дамыту орталығындағы Бизнес-үдерістерді талдау тобы айналысады. Сарапшылар қызмет көрсету бойынша заңнамалық базаны, ережелерді, стандарттар мен регламенттерді зерттеп, қарама-қайшылықтарды анықтайды және зерттелген бизнес-үдерістерді жеңілдету жолдарын іздейді. Сондай-ақ мамандар заңнама нормаларының, соның ішінде Қазақстан Республикасының Doing Business рейтингіндегі көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған  реформалардың орындалу тәжірибесіне талдау жүргізеді.

Бұл бағыттағы жұмыстың тағы бір ерекшелігі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы фокус-топ, сұхбат, сауалнама, «Жасырын сатып алушы» әдістерімен зерттеледі. Сарапшылар мемлекеттік қызметкерлер мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс стандартын іс жүзінде қалай орындап жатқанын бағалайды.

Жинақталған мәліметтерді талдағаннан кейін Бизнес-үдерістерді талдау тобының мамандары мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Мемлекеттік тізілімге кірмейтін стандартталмаған қызметтер бойынша да осындай жұмыс жүргізіледі. Мұндай қызметтерді алудың кадамдық алгоритмі құрастырылып, соның негізінде регламенттер және стандарттар бекітіледі.

Мысалы ата-аналар баланы бір мектептен басқасына заңды түрде қалай ауыстыруға болатынын, көпбалалы отбасындағы бала үшін жазғы лагерьге жолдаманы алу жолдарын біле бермейді. Мұндай өмірлік жағдайлар көп. Солардың басым бөлігі бойынша алгоритмдер біздің open-almaty.kz порталымызда жарияланған.

Пайдалы сілтемелер